Ибрагим Магомадов әлем чемпионатында алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
Грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық Ибрагим Магомадов 82 келіге дейінгі салмақта италиялық Лука Дариоцциді жеңді. Бірінші кезеңде 3:0 есебімен ұтылып қалғанымен, екінші үш минуттықта басым түсті.
Фото: ҰОК
Астанада өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының балуаны Ибрагим Магомадов алғашқы белдесуін өткізді. 82 келіге дейінгі салмақта ол италиялық Лука Дариоццимен күш сынасты.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Бірінші кезеңде италиялық балуан 3:0 есебімен басым түсті. Алайда екінші үш минуттықта отандасымыз тізгінді өз қолына алып, жеңіске жетті.
Бұған дейін Мерей Мәулитқанов (77 келі) алғашқы кездесуінде жеңіске жеткен болатын.
