«Қазгидромет» 24 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті
«Қазгидромет» 24 қазанда Ақтөбе, Алматы, Астана және Көкшетау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады. Ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Сурет: istockphoto
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 24 қазанда Ақтөбе және Алматы қалаларында, ал түнде Астана мен Көкшетауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
