Тоқаев NVIDIA басшысымен кездесу қорытындысы туралы пікір білдірді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA басшысы Дженсен Хуангпен кездесу қорытындысы туралы пікір білдіріп, жасанды интеллектіні дамыту мен экономикаға енгізу ұсыныстарының маңызын атап өтті.
Фото: x.com/tokayevkz
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының басшысы Дженсен Хуангпен кездесудің қорытындысы туралы пікір білдірді. Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту және оны ел экономикасына енгізу жөніндегі ұсыныстардың маңызын атап өтті.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Президент бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Дженсен Хуангқа Ақордада өткен нәтижелі кездесу және жасанды интеллектіні дамыту, оны Қазақстан экономикасында, әсіресе ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану мәселелерін талқылағаны үшін алғыс айтамын. Сіздің идеяларыңыз бен ұсыныстарыңыз біз үшін үлкен практикалық маңызға ие», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
