Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты •

    ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр

    ДДСҰ Францияда адамнан алғаш рет тіркелген Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр. Вирус адамнан адамға берілмейді, жалпы қауіп төмен.

    ДДСҰ Франциядағы Шамонда вирусын жұқтыру жағдайын тергеп жатыр

    Фото: istockphoto.com

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Францияда адамнан алғаш рет тіркелген Шамонда вирусын жұқтыру оқиғасына қатысты тергеуге қосылды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    ДДСҰ басшысының айтуынша, ұйым Франция билігімен байланыста. Қазір мамандар науқастың вирусты қайдан жұқтырғанын, оның таралу жолдарын және қоғамдық денсаулыққа төнуі мүмкін қауіптерді анықтау үшін ақпарат жинап жатыр.

    «Инфекцияның таралу механизмдерін тереңірек түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет», – деп атап өтті ол.

    Белгілі болғандай, науқас ауыр дертке байланысты Лион қаласында ем қабылдаған. Оның иммундық жүйесі қатты әлсіреген. Ер адам қазан айының басында қайтыс болды. Қазір ғалымдар адамда бұрын кездеспеген қоздырғыштың аурудың асқынуына қаншалықты әсер еткенін анықтап жатыр.

    Шамонда вирусы әдетте ірі қара малды, қойды, ешкіні және жылқыны зақымдайды. Жануарлар арасында инфекцияны Culicoides туысына жататын қансорғыш ұсақ шіркейлер таратады. Алғашқы науқас вирусты Францияның шығысындағы мал арасында қоздырғыш таралған аймақта жәндік шаққаннан кейін жұқтырған болуы мүмкін деген болжам бар.

    ДДСҰ бұл жағдайды әзірге оқшауланған оқиға ретінде сипаттап отыр. Ұйымның мәліметінше, вирус адамнан адамға берілмейтіндіктен, жалпы халық үшін қауіп өте төмен.

    Сонымен қатар ұйым Шамонда вирусы иммун тапшылығы ауыр адамдарға тұрақты қауіп төндіруі мүмкін бе деген мәселені тексеріп жатыр. Олардың қатарында онкологиялық ауруға шалдыққан науқастар, ағза трансплантациясынан кейінгі адамдар және АИТВ жұқтырғандар бар.

    ДДСҰ мәліметінше, қазіргі уақытта Шамонда вирусына қарсы адамдарға да, жануарларға да арналған вакцина немесе арнайы емдеу әдісі жоқ. Әзірге адамдар мен малды қорғаудың негізгі жолы – вирусты тарататын жәндіктердің шағуынан сақтану.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →