Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 23 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    13 жыл үнсіз қалған мереке: Тоқаев Республика күнін қалай қайтарды • Шенеуніктердің назарынан тыс қалған Балқаш-9: Тұрғындар тастап кеткен «елес қаланың» аянышты көрінісі • «Салақтықтан туып жатқан бала»: Бақыт Тұрман қоғамдағы мәселені көтерді • Тоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкерін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады • Президент Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагерін мемлекеттік наградалармен марапаттады • 14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты • 13 жыл үнсіз қалған мереке: Тоқаев Республика күнін қалай қайтарды • Шенеуніктердің назарынан тыс қалған Балқаш-9: Тұрғындар тастап кеткен «елес қаланың» аянышты көрінісі • «Салақтықтан туып жатқан бала»: Бақыт Тұрман қоғамдағы мәселені көтерді • Тоқаев Жезқазған мыс балқыту зауытының қызметкерін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады • Президент Республика күні қарсаңында 129 еңбек ардагерін мемлекеттік наградалармен марапаттады • 14 жастағы қыздың домбыраға алған миллион теңгелік несиесін белгісіз меценат жапты •

    «Салақтықтан туып жатқан бала»: Бақыт Тұрман қоғамдағы мәселені көтерді

    «Салақтықтан туып жатқан бала»: Бақыт Тұрман қоғамдағы мәселені көтерді

    Фото: видеодан скрин

    Әнші Бақыт Тұрман әлеуметтік желідегі парақшасында қыз-жігіттерге үндеу жасап, отбасылық жауапкершілік мәселесін көтерді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    «Жіттерге айтарым, сіздер өздеріңізді ар-намысы бар, ұяты, күш-жігері бар мықты ер азамат деп санайтын болсаңыздар, өз ата-бабаларыңыздың жолын жалғаушы, жанұяңыздың жалғастырушысы ретінде сізге берілген ұрықты айдалаға шаша бермеңіздер! Және әрбір өзіңізден шыққан ұрыққа жауапты екеніңізді әрқашан ұмытпаңыздар! Мынау не деген сұмдық? Әрбір әйелде еркектен қалған балалар әкесіз жүр».

    Сондай-ақ ол қыз-келіншектерге де бала сүю мәселесіне жауапкершілікпен қарауға кеңес берді.

    «Ал, қыздарға айтарым одан да қатты. Бір апамыз «Салақтықтан туып жатқан бала» деп айтқан. Салақтықтан баланы туып қалмаңыздар! Кімнен туып жатқаныңызды, кімнің ұрпағын көбейтіп жатқаныңызды өзіңізден сұраңыз. Сіздің туып жатқан балаңыз сол адамның ұрпағын жалғастыруға керек пе деп бірінші  сұраңызшы. Біз бәріміз жаратылысымыз сондай болған соң мысықша туа береміз. Бірақ ол сіздің ахуалыңызды көтере ме? Сіз кім үшін туып жатырсыз? Соны көп ойланыңыздар», – деді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →