«Анестезия салынғаннан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, операция үстелінде жан тапсырған», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, материалда процедура кезінде клиникада бейнежазба жүргізілмегені атап өтілген. Аймақтың тергеу органдары клиниканың жұмысы мен пациенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды тексеруді бастап кеткен.
Дереккөздің мәліметінше, заңгер операцияға жан-жақты дайындалып, оған 300 мың рубль төлеген. Қазіргі таңда қарастырылып жатқан өлім себептері –наркозға төзбеушіліктен болған асқыну, инсульт немесе үзіліп кеткен тромб болуы мүмкін.
