Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты •

    «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты

    «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты

    Фото: Ашық дереккөз

    Экс-депутат Самат Нұртаза 123 күннен бері жұмыссыз жүргенін айтып, осы уақыт ішінде бұрынғы әріптестерінің өзіне деген көзқарасы өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұрынғы Мәжіліс депутаты әлеуметтік желідегі жазбасында мемлекеттік қызметтегі таныстары мен әріптестерінің қарым-қатынасы суып кеткенін жеткізді.

    «Өзім қоңырау шалсам, трубканы көтеретін әріптестер мен шенеуніктер телефон көтермейтін болды. Ең қызығы, “кім өзгерсе де, дәл осы адам өзгермейді-ау” деген адамдардың өзгергеніне куә болып отырмын», – деп жазды ол.

    Экс-депутаттың пікірінше, мемлекеттік қызметтегі лауазымынан айырылған соң адамның қоғамдағы орны да, айналасындағы адамдардың оған деген қарым-қатынасы да өзгереді.

    «Лауазым – көпшілік ойлайтындай нақты бір ақша, билік немесе кабинет емес. Лауазым – социумға керектігің, қоғамдағы өз орның. Сол орынды жоғалтпау үшін адам психологиялық майданда күресетін сияқты», – дейді Самат Нұртаза.

    Сондай-ақ ол жұмыссыз өткен 123 күннің өзіне үлкен өмірлік сабақ болғанын атап өтті. Осы кезеңде байланысын үзбей, жанынан табылған бұрынғы әріптестеріне алғыс айтты.

    «Бұйырса, жұмысқа шығамын ғой. Бас аман болсын. Елдің алды болмасам да, соры емеспін, екі қолға бір күрек табылар», – деп түйіндеді экс-депутат.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →