«Екі ай бірге тұрды»: Динара Сәтжан ұлы мен келінін бөлек шығарды
Фото: Видеодан скрин
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан ұлы мен келінін бөлек шығарып, қоныс той жасады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Тележүргізушінің айтуынша, үйлену тойынан кейін жас жұбайлар екі ай бірге тұрған.
«Үйлену тойынан кейін балаларымыз екі ай бойы бізбен бірге тұрды. Осы уақыт ішінде Айнура біздің күнделікті тұрмыс-тіршілігімізді көріп, үйіміздің жылуын сезініп, қонақ күту дәстүрімізбен танысып, көп нәрсені үйреніп үлгерді. Ал бүгін алғаш рет өз қонақтарын өзі қарсы алып, өз шаңырағының иесі ретінде қадам жасады», – деді ол.
Сондай-ақ Динара Сәтжан құдағайының келінінің қыз жасауын әкелгенін айтты.
«Айнураның анасы, біздің Тамара құдағи, жасауын әкелді. Қазақтың қаншама терең мағынаға, ізгі ниет пен ақ тілекке толы әдемі дәстүрлерінің бірі. Енді балалардың өз жолы басталды. Өз шаңырағы, өз жаңалықтары, өз қуаныштары мен өз тәжірибелері болады. Ал өмір дегеніміз – ағып жатқан өзен секілді. Өз арнасымен аға береді. Жағалары өзгереді, жаңа бұрылыстар пайда болады, бір кезең аяқталып, екіншісі басталады. Әр кезеңнің өз сұлулығы, өз сыйы бар. Ал мен болсам, өз жасымның қадірін бұрынғыдан да терең сезініп, өмірдің осы кезеңінен ләззат алып жүрмін»,– деді ол.
