Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды
Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталып, тінту кезінде қару, есірткі және діни әдебиет табылды.
Видеодан кадр
Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен он адам ұсталды. Олар сондай-ақ терроризмді насихаттау және діни араздықты қоздыру бойынша да күдікке ілінген.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Тінту барысында қару, есірткі және діни әдебиет табылды. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған үш жасырын оқу орталығы жабылды.
ҰҚК мәліметінше, ұсталғандардың кейбіреуі бұған дейін терроризм және басқа да қылмыстар үшін сотталған.
