Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті

    Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті

    Фото: ҚТЖ

    Қайғылы оқиға 6 тамыз күні кешкі уақытта Қарабұлак — Тентек учаскесінде болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    ҚТЖ мәліметінше, машинист теміржол бойында жүрген адамды көріп, пойызды шұғыл тежеген.

    «6 тамыз күні сағат 19:52-де Қарабұлак — Тентек учаскесінде машинист теміржолға бөгде адамның кенеттен шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеу қолданды. Ара қашықтықтың тым жақын болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады», — делінген хабарламада.

    Компания қазақстандықтарды теміржол маңында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →