Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан •

    БҚО-да ер адам Facebook-тегі пікірі үшін сотталды

    БҚО-да ер адам Facebook-тегі пікірі үшін сотталды

    Фото: Pixabay

    Батыс Қазақстан облысында ер адам Facebook әлеуметтік желісінде агрессивті пікірлер қалдырғаны үшін бостандығы шектелді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Аудандық соттың шешімімен азамат К. лауазымды тұлғаға кәсіби қызметіне байланысты қорлау және қоқан-лоққы көрсеткені үшін кінәлі деп танылды.

    Сотта анықталғандай, Шыңғырлау ауылында жүрген кезінде айыпталушы Facebook парақшасында билік өкіліне бағытталған адам өлтіремін, денсаулығына зиян келтіремін деп қорқыту, лауазымды тұлғаны қорлау туралы пікірлерін жариялаған.

    Сот-психологиялық және филологиялық сараптама қорытындысы бойынша, жарияланған пікірлер балағат сөздер мен тікелей қауіп төндіру белгілерін қамтыған және қорлайтын сипатта болған.

    Айыпталушы кінәсін мойындап, өкінетінін білдірді. Жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен мойындауы, асырауында кәмелетке толмаған балалардың болуы және ауырлататын жағдайлардың жоқтығы ескеріліп, сот оған 1 жыл 6 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады, — деп жазылған БҚО сотының хабарламасында.

    Сотталушы барлық мерзімге жыл сайын 100 сағат көлемінде қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын өтеу мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді. Сонымен қатар, жәбірленушілерге өтемақы қорына 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндірілді, бұл 58 980 теңгені құрайды.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →