Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан •

    «Психикалық ауытқуы бар»: Мешітте «бір түндік» неке ұсынған жігіт жайлы жаңа дерек шықты

    «Психикалық ауытқуы бар»: Мешітте «бір түндік» неке ұсынған жігіт жайлы жаңа дерек шықты

    Фото: видеодан скрин

    Ақтөбе қаласында блогер қызға уақытша неке ұсынған азаматтың бұрын бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны, сондай-ақ психикалық денсаулығында ауытқулар бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бұл туралы оны жеке танитын азамат Threads әлеуметтік желісінде хабарлады.

    Куәгердің айтуынша, ер адамның мешіттің садақа жәшігін ұрлағаны, қоғамдық көлікте жолаушыны соққыға жығып, терезеден секіріп қашқаны және таяқпен адамдарды ұрғаны сияқты әрекеттері тіркелген. Бірнеше мәрте ұсақ бұзақылық бойынша 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынған.

    Ер адамның жағымсыз әрекеттерін басқа желі қолданушылары да растады.

    «Бұл жігіт 2023 жылы  Мешітте дастархан басында ауызына келгенін айтып, берекетті алды, менімен ұстасты», «Бұл ер адам, былтыр құрбым екеуімізге алдымыздан шығып қорқытқан, боқауыз айтқан», Екі жыл бұрын орталық базарда құрбым екеумізге тиіскен», — деп жазды.

    Сонымен қатар, ол психикалық ауруларға шалдыққаны үшін арнайы медициналық мекемеде есепте тұрғаны немесе емделгені жөнінде бейресми деректер бар. Алайда бұл ақпаратқа қатысты ресми растама берілген жоқ.

    Ақтөбе қаласының құқық қорғау органдары бұл адамды жақсы танитынын айтқан. Жергілікті тұрғындар мен дін өкілдері оның әрекеттерінің ислам дінінің қағидаларына қайшы екенін, сондай тұлғалардың мұсылман қауымының абыройына нұқсан келтіретінін алға тартуда.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →