Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Тоқаев Азия ойындарының жүлдегерлерін марапаттап, жаңа спорт нысандарын салуды жариялады • «Баласы шындықты айтып қойды»: Super.mamasita қайырымдылық жасаймын деп алданып қала жаздаған • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады •

    Ақтауда 80 жастағы зейнеткер өлі табылды

    Ақтауда 80 жастағы зейнеткер өлі табылды

    12 шілде күні итін серуендетуге шығарып, із-түссіз жоғалып кеткен 80 жастағы Валерий Каракозов Ақтаудағы бұрынғы Президент резиденциясының маңынан өлі күйінде табылды, деп хабарлады Qazaq Today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

    Марқұмның нақты өлім себебі әзірге жарияланған жоқ. Туыстарының айтуынша, Валерий Каракозов 12 шілде күні таңғы сағат 07:30 шамасында 12-шағынауданда итін серуендетуге шығарып, кейін байланысқа шықпаған.

    Жақындары полицияның әрекетсіздігіне шағымданып, іздеуді өз беттерінше жүргізген. Олар бақылау камераларынан жазбаларды алып, қала тұрғындарынан көмек сұрап, ақпарат тарату жұмыстарын қолға алған. Іздеу жұмыстарының негізгі бөлігі отбасының күшімен жүргізілген.

    Қазір осы оқиғаға байланысты тексеріс жүріп жатыр. Валерий Каракозов пен оның итіне не болғаны сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →