Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді •

    Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті

    Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті

    Алматы құрамасы Таразда өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан чемпионатын алты чемпиондық атақпен және жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орынмен аяқтады. Бұл алматылық боксшылардың алтын медаль саны бойынша соңғы алты жылдағы ең табысты көрсеткіші. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері айтты.

    2021-2025 жылдар аралығында қала спортшылары Қазақстан чемпионаттары мен ел Спартакиадасында әр маусымда екіден төртке дейін алтын медаль жеңіп алған. Биыл бірден алты алматылық боксшы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Былтырғы Қазақстан чемпионатымен салыстырғанда чемпиондық атақ саны үш есе артты.

    Жалпы Алматы құрамасының қоржынында 14 жүлде бар. Оның алтауы – алтын, төртеуі – күміс, тағы төртеуі – қола медаль.

    Жалпыкомандалық есептегі жеңіске ерлер мен әйелдер құрамалары бірдей үлес қосты. Екі команда да Алматы қоржынына үш алтын медальдан салды.

    Қазақстан чемпионаты Таразда өтті. Жарысқа еліміздің 20 өңірінен 369 спортшы қатысты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ерлер арасында он, әйелдер арасында он салмақ дәрежесі бойынша анықталды.

    Алматы атынан қатысқан жеңімпаздар мен жүлдегерлер

    Алтын медаль: Фарух Тоқтасынов – 70 келіге дейін, Нұрбек Мұрсал – 75 келіге дейін, Данияр Рахымбердинов – 90 келіден жоғары, Виктория Графеева – 60 келіге дейін, Бақыт Сейдіш – 70 келіге дейін, Елдана Тәліпова – 80 келіден жоғары.

    Күміс медаль: Сұлтанбек Айбарұлы – 85 келіге дейін, Ерсұлтан Сапар – 90 келіден жоғары, Назым Қызайбай – 54 келіге дейін, Шахназ Исаева – 57 келіге дейін.

    Қола медаль: Бекнұр Батырбек – 85 келіге дейін, Елянұр Тұрғанова – 48 келіге дейін, Дана Дидай – 70 келіге дейін, Әсел Тоқтасын – 80 келіден жоғары.

    Фото: Алматы қаласы

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →