Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады
Мемлекет басшысының Жарлығымен XX жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарындағы жоғары жетістіктері үшін спортшылар «Парасат», «Құрмет» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысының Жарлығымен XX жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін бірқатар спортшы марапатталды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Парасат» орденімен каратэден алтын медаль иегері, Астана қаласының өкілі Софья Полихроновна Берульцева наградталды.
«Құрмет» орденімен мыналар марапатталды: шосседегі велоспорттан жекелей және топтық жарыстың екі алтын медаль иегері Алексей Александрович Луценко, семсерлесуден командалық жарыстың алтын медаль иегерлері Кирилл Дмитриевич Проходов, Ерлік Асқарұлы Сертай және Вадим Вадимович Шарлаимов, академиялық есуден жұптық жарыстың алтын медаль иегерлері Иван Сергеевич Чернухин мен Владислав Павлович Яковлев — барлығы Астана қаласынан.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен төмендегі спортшылар марапатталды:
Каратэден алтын медаль иегері Жоламан Қуанышбекұлы Биғабыл (Астана қаласы); аралас жауынгерлік жекпе-жектің алтын медаль иегерлері Еркінғали Аманғалиұлы Бүркіталин және Қадырбек Айбекұлы Шынбаев (екеуі де Ақтөбе қаласынан); паравелоспорттан ерлер арасындағы жекелей уақытқа және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері Наиль Мадьярұлы Ермұханбет (Астана қаласы); паравелоспорттан әйелдер арасындағы жекелей уақытқа және тас жолдағы жарыстың екі алтын медаль иегері Анастасия Андреевна Калаус (Астана қаласы); паражүзуден алтын медаль иегері Диас Ерболатұлы Кенжебек (Астана қаласы); парадзюдодан алтын медаль иегерлері Бексұлтан Нұрланұлы Құлмырза, Ибрагим Нұрмаханұлы және Ақтолқын Елтайқызы Сейілбекова (үшеуі де Астана қаласынан); шосседегі велоспорттан әйелдер арасындағы 24 км жекелей жарыстың алтын медаль иегері Рината Станиславовна Сұлтанова (Астана қаласы); жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруге қатысушы Ясмина Тұрсынқызы Тоқсанбаева (Астана қаласы); таеквондодан алтын медаль иегері Тамирлан Мұхтарұлы Тілеулес (Алматы қаласы).
