Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаев: Қазақстан 2027 жылы бес спорт түрінен әлем чемпионатын өткізеді • Тоқаев Азия ойындары мен параойындар жеңімпаздарын орден-медальдармен марапаттады • Президент Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты •

    Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындарында аяқ киіміне байланысты алтыннан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

    Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады

    Фото: Ақорда

    Жапонияда өткен Азия ойындарында спорттық жүрістен бірінші болып мәреге жетіп, кейін спорттық аяқ киіміне байланысты алтын медальдан айырылған Ясмина Тоқсанбаева мемлекеттік награда алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл атлетті «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Ол жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан спортшылары Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында тамаша нәтиже көрсетіп, еліміздің мәртебесін асырғанын айтты.

    Тоқаев жиында өзге спортшылармен бірге Ясмина Тоқсанбаеваны да «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Спортшы Азия ойындары мен Азия пара ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларын марапаттау тізіміне енді.

    Айта кетейік, бұған дейін Ясмина Тоқсанбаева Азияда аяқ киімнің кесірінен алтыннан айырылғаны туралы жазған едік. Ясмина Тоқсанбаева 42,195 шақырым қашықтықта спорттық жүрістен өткен марафонда 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен бірінші болып мәреге жетті. Алайда еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, Ясминаның жарыс кезінде киген аяқ киіміне қатысты дау туған. World Athletics халықаралық жеңіл атлетика федерациясы келіспеушілікті зерттеп, аталған аяқ киім үлгісінің рұқсат етілген тізімге кіретін-кірмейтінін тексерді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →