Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды • Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды • Алматы боксшылары Қазақстан чемпионатында соңғы алты жылдағы алтын медаль саны бойынша үздік нәтиже көрсетті • Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді • Тоқаев аяқ киіміне байланысты алтынынан айырылған Ясмина Тоқсанбаеваны марапаттады • Астанада Есіл өзенінен тағы да мәйіт табылды • «Биылдыққа үшінші ота»: директор Ақмоншақ Нұртаза елді алаңдатып қойды •

    Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының тілді оқыту, мазмұнды байыту және технологиялар арқылы қолданыс аясын кеңейту жобалары, сондай-ақ қор жұмысы баяндалды.

    Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының жобалары мен қор жұмысы баяндалды

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Қазақ тілі» қоғамының қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру, қазақша мазмұнды байыту және жаңа технологиялар арқылы тілдің қолданыс аясын кеңейту бағыттарында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді. Бұл туралы қоғам өкілдері баяндады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Рауан Кенжеханұлы OpenAI компаниясымен бірлескен жоба аясында көлемі 14 миллиард токен болатын мәтін корпусы қалыптасқанын және 12 мың сағат аудиожазба жинақталғанын айтты. Соңғы үш жылда Disney, Pixar және Sony студияларының 13 танымал фильмі қазақ тілінде дыбысталып, үлкен экранға шықты.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Qazaq Tili Endowment қорының жұмысы туралы мәлімет берілді. Қазірге кезде қорға түскен жарна көлемі 824 миллион теңгеге жеткен.

    Мемлекет басшысы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының қызметіне жоғары баға беріп, алдағы жоспарлары табысты болуына тілектестік білдірді.

    Президент мемлекеттік тілді үйрету, сондай-ақ ғылыми шығармаларды аудару ісінде жасанды интеллектінің әлеуетін барынша пайдалану маңызды екенін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →