Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Нұрай Серікбайдың сотындағы прокурор күдіктіге жазаның ең ауырын сұрады «Жар таңдағанда асықпаңыз»: Салтанат Бақаева қыздарға ақыл айтты 15,8 шақырым жаңа конвейер таспасы: «Қазақмыс» өндіріс сенімділігін күшейтеді

    Перизат Қайраттың соты: Орта білімді аяқтамаған, жоғары білімі жоқ

    Перизат Қайраттың соты: Орта білімді аяқтамаған, жоғары білімі жоқ

    Астана қаласында Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Тыңдауда прокурор екі айыпталушының жеке басына қатысты бірқатар деректерді мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Айыпталушы Перизат Қайрат:

    • Орта білімін аяқтамаған, жоғары білімі жоқ

    • Психиатриялық және наркологиялық есепте тұрмайды

    • Бұрын сотты болмаған, алайда

    • 2012 жылы қылмыстық қудалау аясында тартылған, іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған

    • Қазіргі таңда 2024 жылғы 14 қарашадан бері қамауда отыр

    Айта кету керек, Перизат Қайрат – бұған дейін өзін қайырымдылық жобаларымен айналысып жүрген қоғам белсендісі ретінде көрсетіп келген тұлғалардың бірі.

    Айып: 3 миллиард теңгені жымқыру

    Сотта жария етілген мәліметтерге сәйкес, Қайрат Перизат пен анасы Алашбаева Ғайниге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша айып тағылған:

    • 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағы – ірі көлемдегі алаяқтық (үш эпизод)

    • 218-баптың 1-бөлігі 2-тармағы – қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру

    • 218-баптың 3-бөлігі 3-тармағы – бірнеше адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ақшаны жылыстату

    Тергеу деректеріне сүйенсек, айыпталушылар мүгедек балаларға, су тасқынынан зардап шеккендерге және Таяу Шығыстағы қақтығыстан қашқан босқындарға көмектесу үшін жиналған қайырымдылық қаражатын – жалпы сомасы 3 миллиард теңгені – мақсатсыз жұмсаған немесе жымқырған.

    Перизат Қайраттың мәлімдемесіне ІІМ жауап берді

    Сот тыңдауы кезінде Перизат Қайрат құқық қорғау органдары тарапынан қысым көргенін, жәбірленгенін айтқан болатын. Дегенмен, бұл мәлімдемені Ішкі істер министрлігі ресми түрде жоққа шығарды. Ведомствоның хабарлауынша, мұндай дерек тіркелмеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →