Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады •

    Павлодар облысында дауылдан зардап шеккендерге біржолғы әлеуметтік көмек берілмек

    Павлодар облысында дауылдан зардап шеккендерге біржолғы әлеуметтік көмек берілмек

    20 маусым мен 30 маусым аралығында дауыл салдарын жоюға қатысты өтініштер қабылданады. Бұл туралы Павлодар қалалық әкімдігі хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өтініштер келесі нөмірлер бойынша қабылданады: 109, 112, 32-36-92.

    Коммуналдық қызметтер қалпына келтіру жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастырып жатыр.

    Табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйлердің тұрғындары) 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

    Көмек алу үшін келесі құжаттар қажет:

    • ТЖБ анықтамасы (6 ай жарамды);
    • Мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;
    • Банктік шоттың болуы туралы хабарлама;
    • Жеке куәлік (көшірмесі және түпнұсқасы);

    Құжаттар Павлодар қаласы Кривенко көшесі, 25 мекенжайы бойынша Open Pavlodar фронт-офисінде (№ 3 үстел) қабылданады.

    Айта кетейік, кеше өңірде сағат 16:10-дан 20:30-ға дейін екпіні секундына 28-ден 43 метрге дейін қатты дауыл соқты.Тұрғындарға алдын ала қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы ескертумен хабарламалары жіберілді. Апат салдарынан инфрақұрылым нысандарына көптеген зақым келтірілді: 297 ғимарат пен құрылыстың шатыры қирады, ағаштар жаппай құлады, электр желілерінің тіректері зақымдалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →