Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады •

    Қазақстандық әйел банктен 31 миллион теңге ұрлап, Мәскеуге қашып кеткен

    Қазақстандық әйел банктен 31 миллион теңге ұрлап, Мәскеуге қашып кеткен
    Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі тағы бір экстрадиция туралы хабарлады. Бұл жолы аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін ұрлаған күдікті Мәскеуден отанына қайтарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, әйел 2015-2017 жылдар аралығында Астанадағы банктердің бірінің филиалында жетекші менеджер қызметін атқарған. Осы уақыт аралығында ол 31 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырып, заңсыз иемденіп алған.

    Осыдан кейін күдікті жоғалып кеткен. Содан кейін ол халықаралық іздеуге жарияланды.

    «2024 жылдың маусым айында іздеуде жүрген азамат Мәскеуде ұсталып, Қазақстан Бас прокураурасының өтініші бойынша отанына экстрадицияланды.»Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

    Қазіргі уақытта мамандардың айтуынша, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Бас прокуратура оның айыпталып отырған қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын түсіндірді.

    9 маусымда Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы жалған банкноттарды сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған қазақстандықты Грузиядан экстрадициялау туралы хабарланған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →