Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады •

    Атырауда 49 млн теңгені жымқырған мектеп-интернаттың бас есепшісі сотталды

    Атырауда 49 млн теңгені жымқырған мектеп-интернаттың бас есепшісі сотталды

    Атырау соты бюджеттің 49 млн теңгесін жымқырған бас есепшіні 5 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда, сотталушының жазасын өтеу мерзімі 5 жылға кейін шегерілді, деп хабарлайды Qazaq Todaу ақпарат порталы. 

    Бас есепшінің қылмыстық ісі Атырау қаласындағы № 2 сотта қаралды. Күдіктіге Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен «Алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырып, иемдену) айып тағылған.

    — Сотталушы 2023 жылдың маусым айынан бастап коммуналдық мемлекеттік мекеме — мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында есепші, қыркүйек айынан бас есепші болып қызмет атқарған. 2023 жылғы маусым-2024 жылғы қазан айлары аралығында аталған мекеме директорының сеніміне кіріп, оның электрондық қолтаңбасын, «1С» және «Парус» жүйелерін заңсыз пайдаланған. Осы жүйелердің көмегімен ол өзінің және сенімді адамдарының есепшоттарына негізсіз ақша аударған. Ол алаяқтық әрекетінің салдарынан 49 млн теңгеден астам мемлекет қаржысын жымқырған, — деп хабарлады соттан.

    Сотталушы өз кінәсін толық мойындаған. Оның кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, маман, аудиторлық есеп қорытындыларымен, заттай дәлелдемелермен дәлелденген.

    Сот сотталушының жас балаларының барын, заңсыз әрекеті үшін өкінгенін кінәсін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. Жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

    — Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған материалдық жауапкершілікпен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға, бас бостандығын 5 жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігі қолданылып, тағайындалған жазаны өтеу 5 жыл мерзімге кейінге қалдырылды, — деп мәлім етті соттан.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →