Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев марафоншы Ясмина Тоқсанбаеваны «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады •

    Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жаза мерзімін айыппұлға ауыстыруды сұрады

    Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жаза мерзімін айыппұлға ауыстыруды сұрады

    Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат түрмеден босап шығу үшін сотқа қайта өтініш берді. Ол жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастыруды сұрап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Болат 2023 жылы адвокат Олег пен Анна Черновтарды соққыға жыққаны үшін Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша сотталған болатын. Алғашында оған бостандықты шектеу жазасы тағайындалды. Алайда бірнеше мәрте тәртіп бұзғаны үшін бұл шара нақты бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.

    Жақында сотқа түскен жаңа өтініште Болат мерзімнің қалған бөлігін айыппұлға алмастыруды ұсынған. Бұл бастамаға жәбірленушілер де, түзеу мекемесінің басшылығы да үзілді-кесілді қарсы.

    “Мекеме басшысы да, мен де бұл ұсынысты қолдамаймыз. Қазір теңізге баратын емес, жазаны өтейтін уақыт. Өз еңбегімен таппаған ақшаға құтылу — бұл әділет емес. Бұған дейін бостандықты шектеу мүмкіндігі берілді, бірақ соның өзін дұрыс пайдаланбады” — деп жазды Анна Чернова Instagram парақшасында.

    Аталған мәселе бойынша сот тыңдалымы 2025 жылғы 19 маусымда өтеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →