Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты

    Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты

    2 маусым күні Қарағанды облыстық балалар ауруханасында 38 жастағы облыс тұрғыны дәрігерлермен сөзге келіспей қалып, соққыға жыққан, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    — Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылмақ, — делінген ақпаратта.

    «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қамтамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеті — қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуы ретінде бағаланып, жол берілмейтін жағдай болып табылады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Теміртауда жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылғанын жазған едік.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →