Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Жамбыл облысында әскери қызметкер өгей ұлын өлтірді деген күдікке ілінді

    Жамбыл облысында әскери қызметкер өгей ұлын өлтірді деген күдікке ілінді
    Фото: istockphoto.com

    Жамбыл облысында 35 жастағы әскери қызметкер 10 жастағы өгей ұлын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Қайғылы жағдай мамыр айының соңында Талас ауданына қарасты ауылдардың бірінде орын алған. Алайда бұл ақпарат тек жуырда ғана жария болды. Белгілі деректерге сүйенсек, бала ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізіліп, көп ұзамай сол жерде көз жұмған.

    Оқиғаның нақты мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты әзірге ашық жарияланбауда. Анықталғаны – бұл отбасы жақында ғана бес асыранды баланы қамқорлығына алған екен. Қайғылы жағдайдан кейін барлық балалар отбасыдан алынып, қауіпсіз мекемеге орналастырылған.

    «Оқиға болған кеште барлық балалар отбасынан алынды. Қазіргі уақытта олар мемлекеттік мекемеде, қауіпсіз жағдайда. Балалармен кәсіби психологтар жұмыс істеуде. Тергеу Әскери-тергеу басқармасы тарапынан жүргізіліп жатыр, себебі күдікті – әскери қызметкер», – деп хабарлады Жамбыл облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжанов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →