Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады •

    Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланды

    Оңтүстік Кореяда жаңа президент сайланды

    Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында оппозициялық Демократиялық партияның кандидаты Ли Чжэ Мён жеңіске жетті. Ол 49%-дан астам дауыс жинады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BBC-ге сілтеме жасап.

    Ли Чжэ Мённің негізгі қарсыласы, билеуші «Халық күші» партиясының кандидаты Ким Мун Су 41% дауыс жинады. Сайлауға олардан бөлек тағы үш кандидат қатысты.

    Сайлау мерзімінен бұрын өтті. Себебі былтыр желтоқсанда экс-президент Юн Сок Ёль елде әскери жағдай енгізуге тырысқан болатын. Кейін оған импичмент жарияланып, ол орнына кетуге мәжбүр болды.

    Бұл жолы сайлауға қатысу деңгейі өте жоғары: тіркелген сайлаушылардың шамамен 80%-ы дауыс беруге келген. Соңғы екі сайлауда бұл көрсеткіш 77% шамасында болған.

    Бүгінгі таңда оған қатысты бірнеше қылмыстық істер қаралып жатыр. Демократиялық партия Лиге қатысты сот процестері тоқтатылуы керек деп пікірде.

    Жеңіске жеткен Ли 2022 жылғы президент сайлауына да қатысқан. Ли Чжэ Мён елдің саяси жүйесі мен экономикалық моделін реформалау қажеттігін атап өтті. Сөзінше, қазіргі модель Оңтүстік Кореяның мақсаттарына сәйкес келмейді.

    Ли өзінің сайлауалды бағдарламасында қор нарығын жандандыруға, KOSPI индексін 5000 тармаққа дейін көтеруге, миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауға уәде берді.

    Сыртқы саясатта АҚШ және Жапониямен ынтымақтастықтың дамуын қолдайды. Сонымен қатар Солтүстік Кореямен сенім телефонын қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →