Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады • Мейрамбек Беспаевтың жары әншінің 50 жас мерейтойынан видео жариялады • Төрехан Сабырхан Тоқаевтан награда алған соң әсерімен бөлісті • Блогер Біржан Әшімнің әкесі дүние салды • Қарағанды облысында 140 шақырымдық жолдың сиқы осы: 1,5 сағаттық жолға жүргізушілер 5 сағат жұмсайды • Тоқаев «алтынынан» айырылған жеңіл атлетті мемлекеттік наградамен марапаттады • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ саммитіне қатысады •

    Алматы мен бес облыста ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

    Алматы мен бес облыста ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

    Алматы қаласында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында қылмыстық топқа қатысы бар жеке күзет мекемесінің заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    — Тергеу барысында қылмыстық элементтердің шағын және орта бизнес нысандарын толық бақылауға алу үшін ойын-сауық орындарының басшылары мен қызметкерлеріне  қысым көрсетіп, заңсыз әрекеттерге барған анықталды. Кейіннен олар кәсіпкерлік нысандарын күшпен басып алып, сол жерлерде «қауіпсіздік» қызметін жүзеге асырған.

    Алматы қаласы, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында қылмыстық топтың 20 мүшесі ұсталды. 40-тан астам тінту жүргізіліп, жеті атыс қаруы тәркіленді. Оның ішінде үш шолақ мылтық, Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден астам оқ-дәрі алынды, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

    Бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетінше билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр. Топтың жетекшісі мен қатысушыларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған басшылық ету және қатысу деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Фигуранттардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

    — Бизнеске қысым көрсету және оған қылмыстық араласу әрекеттерінің барлық фактілері мемлекет бақылауында. Кез келген заңсыз әрекет заң шеңберінде қатаң түрде тоқтатылады — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →