Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Тоқаев 2027 жылғы «Халық құрылысы» бағдарламасын жариялады • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді •

    Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

    Қайрат Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

    Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті, — деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

    Осы тұста Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды.

    «Қазақстанның халық әртісі, әнші Қайрат Байбосыновқа жоғары мемлекеттік марапат — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
    Бұл марапат — қазақ әнін ғасырлар биігіне көтерген ерен тұлғаның өлшеусіз еңбегіне берілген лайықты баға.
    Ұлт руханиятын ұлықтап, халық әнінің ғажайып өрнектерін жаңғыртқан зиялы өнерпаз Қайрат ағамызды құттықтай отырып, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, шығармашылық шабыт тілеймін!», — деп жазды Ерлан Қарин.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →