Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Атырауда мектептегі шабуыл үшін жасөспірімге 15 жыл берілді, Сабуров концертіне бойкот жарияланды • Дипфейк банктерді алдап өтті: Қазақстанда жаңа киберқауіп қатері • Sulpak тағы да сынның астында: астаналық тұрғын қорабы зақымдалған iPhone-ды қайтармақ болып, мәселені шеше алмай жүр • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты •

    Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылып қалуы мүмкін

    Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағынан айырылып қалуы мүмкін
    Фото: Нұрғали Жұмағазы

    Орта салмақтағы америкалық боксшы Джахай Такер (14-1-1, 6 КО) өз салмағындағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп жазады Qazaqtoday ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

    — Мен Жәнібекпен 24-25 жасқа толмай тұрып жұдырықтасқым келеді. Мен оның еліне барып, белбеулерін тартып алып, үйіме қайтамын, — деді 22 жастағы Такер Tha Boxing Voice басылымына берген сұхбатында.

    Джахай Такер соңғы жекпе-жегін 5 сәуір күні Лас-Вегаста өткізіп, онда төрешілердің ортақ шешімімен британиялық Трой Уильямсонды (20-4-1, 14 КО) жеңді. Ал Жәнібек Әлімханұлы дәл сол күні Астанада рингке шығып, француз Анауэль Нгамиссенгені (14-1, 9 КО) бесінші раундта нокаутқа түсіріп, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғады.

    Әлімханұлы қазіргі таңда доминикалық Карлос Адаместі құрығына түсіре алмай жүр. Ол осы салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →