Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады

    Қостанайда пойыз трактормен соқтығысып, бір адам қаза тапты

    Қостанайда пойыз трактормен соқтығысып, бір адам қаза тапты

    Фото: Pixabay

    Қостанай облысында пойыз бен трактордың соқтығысуы салдарынан трактор жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, қайғылы оқиға 27 сәуір күні таңертең Есіл – Арқалық учаскесіндегі реттелетін теміржол өткелінде болған.

    Өткізу сигнализациясы дұрыс жұмыс істеп тұрғанына қарамастан, трактор жүргізушісі жол жүру ережесін өрескел бұзып, пойыздың жолына шығып кеткен. Машинист шұғыл тежеу қолданғанымен, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмады, – деп мәлімдеді ҚТЖ өкілдері.

    Оқиға салдарынан трактор жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

    ҚТЖ өкілдері тағы бір мәрте жүргізушілерге теміржол өткелдерінен өту кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →