Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Анара Батырханға «Ерен еңбегі үшін» медалі не үшін берілді? Министрлік түсініктеме берді • Ұлттық пантеонда жерленетін тұлғалар тізіміне өзгеріс енгізілді • Асхат Тарғын Жәнібек Бекбосыновтың қазасына көңіл айтты • Астана-Петропавл тасжолындағы сұмдық апат: зардап шеккендердің арасында нәресте бар • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды •

    Маңғыстауда қалың қызғалдақтың ортасына дастархан жайғандар жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

    Маңғыстауда қалың қызғалдақтың ортасына дастархан жайғандар жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

    Әлеуметтік желіде Маңғыстау даласында жайқалған қалың қызғалдақтың арасында дастархан жайып жатқан видео тарады. Бұл туралы Qazaq.today агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Видеожазбада Маңғыстау даласында жайылған дастархан мен орындықтарды көруге болады.

    Желі қолданушылары демалушылардың мұндай әрекетіне наразы болды.

    «Олар жабайы, гүлдің езіп тастады ғой», «Надандық, бұл – масқара», «Ұят, табиғатты ластап жатыр», «Не істеп жатырсыңдар?!» – деп жазды желі қолданушылары.

    Сондай-ақ, Lada.kz редакциясына Жармыш маңында орналасқан Қаратау бұлағынан фотосуреттер жіберілді. Тұмса табиғатты қоқыс алаңына айналдырып жатқан демалушылардың әрекетіне жұрт алаңдаушылық білдіруде.

    Еске салайық, маңғыстаулықтар көрікті жерлердің қауіпсіздігіне алаңдаулы. Өңір тұрғындарының бірі жерлестеріне демалыс кезінде табиғатқа зиян келтірмеуді сұрап, видео үндеу түсірген.

    Айрақты қамалдар алқабын түрлендірген көктемнің келуімен демалушылар бұл аумаққа ағылып, салдарынан қоқыс толып кеткен. Оқиға орнына барған туроператор апаттың ауқымын анық көрсетті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →