Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 16 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды «Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Тоқтар Серіков Бекжан Әшірбаевтың қазасына көңіл айтты Канье Уэсттің концерті кезінде Алматыда байланыс шектеледі Алматы облысында кәмелетке толмаған қыздарға қатысты қылмыс жасаған ер адам ұсталды Назым Қызайбай «Олимпиада қозғалысының еңбек сіңірген қайраткері» атанды «Кешірім де сұраған жоқ»: Бағым Мұхитдинова 850 мың теңге тұратын концерттің VIP орынын сынға алды Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр

    Шымкентте 6 жасар баланың қазасына қатысты 2 кәсіпкер қамалды

    Шымкентте 6 жасар баланың қазасына қатысты 2 кәсіпкер қамалды

    Тергеу мәліметінше, олар жарылған кәріз құбырын дер кезінде жамап, уақытында апаттың алдын алмаған. Сондай-ақ қауіпті аумақты қоршау және ескерту белгілерін қоймаған. Полиция мердігер компания басшыларын қамауға алды.

    Былтыр «Тұран» шағынауданында кәріз құбыры жарылып, оны жамауға келгендер шұңқыр қазып тастап кеткен. Оған кәріз суы толып, тереңдігі үш метрлік көлшікке айналған. Жергілікті билік жұмысқа мердігерді жалдаған. Олар тағы бір компанияға тапсырса да жұмыс жасалмаған.

    Бұған дейін Шымкенттегі Тұран шағын ауданында 6 жасар бала ашық жатқан кәріз шұңқырына құлап, ажал құшқан еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →