Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 9 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды • Мақпал Жүнісова Мейрамбектің мерейтойына неге келмегенін түсіндірді • «Kaspi барлық ақшамнан айырды»: Қазақстандық әйел банкке қатысты шағымданды • Астанада әкесі дүкенге кеткенде баласы көлікті дәмханаға соққан • Қазақстан триатлоншылары Гонконгтегі әлем кубогі кезеңінде сынға түсті • «Осылай тоналмасақ, бай өмір сүрер едік»: сарапшы Қазақстанның экономикалық саясатын сынға алды • Северино Oktagon 97 турнирінде титулын 54 секундта қорғап қалды •

    Жамбыл облысында газдан уланған үш бүлдіршін көз жұмды

    Жамбыл облысында газдан уланған үш бүлдіршін көз жұмды

    19 сәуір күні Жамбыл облысы, Сарымолдаева ауылында газдан уланып үш қыз бала қайтыс болды. 3, 5 және 7 жастағы сіңлілердің өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кең тарады.

    Белгілі болғандай, балалардың анасы таңертең үйден шығып кеткен. Қайтып оралғанда үйдің ішін газдың иісі жайлағанын байқаған. Бүлдіршіндер ес-түссіз күйде табылып, анасы оларды шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлердің әрекетіне қарамастан, үш қыз бала реанимацияда есін жимастан қайтыс болды.

    Жамбыл облыстық полиция департаменті қайғылы жағдайдың болғанын растады. Қазір балалардың өліміне қатысты жедел тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның нақты себептері анықталуда. Құқық қорғау органдары бұл істі ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.

    Айта кетейік, былтыр Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов газдан улану жағдайларының жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, газ техникалық инспекциясын жандандыру және әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылардың үйлеріне улы газды анықтайтын арнайы датчиктер орнату қажеттігін ескерткен болатын.

    Бір ай бұрын осындай жағдай Маңғыстау облысында да тіркеліп, бес бала мен екі ересек адам газдан уланып қайтыс болған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →