Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Бүгінгі валюта бағамы қандай Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Алакөлде жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО) 28 адам ауыр жарақат алған: Угандада жол апатынан 14 адам қаза тапты Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды Бүгінгі валюта бағамы қандай Каспийге туған күнін тойлауға кетіп, жоғалған жігітті іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Алакөлде жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ адам соққыға жықты (ВИДЕО) 28 адам ауыр жарақат алған: Угандада жол апатынан 14 адам қаза тапты Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаянға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды Данияр Елеусіновтің қатысуымен болған жол апаты: оқиғаның мән-жайы айтылды

Тоқаев: ««Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, күмәнді пікір»

Қазақстан Халқы Ассамблеясының бүгін өтіп жатқан сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ассамблеяның қажеті жоқ» пікірге байланысты ойын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today.

Оның сөзінше, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт.

«Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде «Ассамблеяның қажеті жоқ» деген ұшқары, яғни күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт», — дейді Тоқаев.

Президент Ассамблеяның қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отырғанын айтты.

«Біз «бірлік пен тұрақтылық болмаса, саяси-экономикалық реформалар жүзеге аспайды» дейміз. Әрине, бұл – дұрыс пайым. Бірақ бірлік дегеніміз мақсатымызға апаратын жол ғана емес. Бұл – мемлекеттілігіміздің ең басты тірегінің бірі. Мен бұған дейін де айттым, еліміздің тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы бәрінен қымбат. Ел бірлігі осы мызғымас құндылықтармен қатар тұруға тиіс. Сонда ғана болашағымыз баянды болады. Татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы барлық жерде дәріптелуі қажет», — дейді Тоқаев.

 

Qazaq.today

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика