Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Дана Нұржігіттің ұлы әкесін 10 жылдан кейін көргенін айтты

    Дана Нұржігіттің ұлы Әлім Рерих әкесі Владимир Рерихті 10 жылдан кейін көргенін, оны танымағанын және өкінішін журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты.

    Дана Нұржігіттің ұлы әкесін 10 жылдан кейін көргенін айтты

    Сурет: sn.kz

    Танымал журналист Дана Нұржігіттің ұлы Әлім Рерих марқұм әкесі Владимир Рерих туралы журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында сыр ақтарды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Әкеммен он жыл көріспедік. Бірінші рет көрген кезде мен оны танымадым. Жүгіріп барып, қолмен амандастық. Себебі ол мені сипамаған, еркелетпеген. Көріскеннен кейін жиырма күннен кейін кетті ғой. Оны естіп, жылап шықтым ғой. Содан кейін бұл жағдайға басқаша қараймын. Қайғырамын, әкем кетті ғой. Бірақ өкінішім бар, қайғым жоқ әкемді он жылдан кейін көргеніме. Балалық шағымда мені тәрбиелесе, өте жақсы болар еді. Бірақ енді жарайды, өтті бәрі», – деді Әлім.

    Айта кетейік, Әлім – Дана Нұржігіт пен Владимир Рерихтың ұлы.

    Журналист Жанар Байсеміз Әлімнің бұл алғашқы сұхбаты екенін айтып, оған ақ тілегін арнады.

    «Әлімнің алғашқы сұхбаты. Аман болса, талай сұхбат береді әлі. Әлім, таудай бол! Сұхбат беруге келіскеніңе көп рақмет», – деп жазды Жанар Байсеміз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →