Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Диляра Қайдар келіні Айсәуле туралы жылы лебізін білдірді • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Диляра Қайдар келіні Айсәуле туралы жылы лебізін білдірді • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ •

    Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

    Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтерілді

    Алматыда «Медеу» биік таулы мұз айдынының алаңында Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.

    Іс-шараға қала әкімі Дархан Сатыбалды, қоғам және мәдениет қайраткерлері, Қазақстан Халық Кеңесі мен Қоғамдық кеңес мүшелері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері, танымал спортшылар, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Салтанатты рәсімге барлығы 1 500-ден астам адам жиналды.

    Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі әскери үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен жалғасты. Ту тұғырының биіктігі – 40 метр, ал тудың өлшемі – 7х14 метр.

    Республика күні қарсаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды табыстады. Марапатталғандардың қатарында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына зор үлес қосқан алматылықтар бар.

    Сонымен қатар Республика сарайында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →