Тоқаев Республика күніне орай Мемлекеттік ту рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай Ақорда алдында өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Рәсім елдің барлық өңірлерінде өтеді.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда өткен салтанатты рәсімге қатысты. Іс-шара Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі еді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін Мемлекеттік ту көтеріліп, Мемлекеттік әнұран орындалды.
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі елдің барлық өңірлерінде өтеді.
