Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 17 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,5↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты • Ресейдің халықаралық жарыстарға жіберілмеуі Мирра Андрееваның жеңісімен түсіндірілді • Алматы орталығында бірнеше сағат бойы көлік қозғалысы тоқтап, ауа тазарды: City Run кезінде жүргізілген өлшеулер нені көрсетті? • «Денверге ұқсайды, тек таулары әлдеқайда әдемі»: шетелдік туристерді Алматыдағы жарыс несімен қызықтырады? • «Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова көпшілікке келінін көрсетті (ВИДЕО) • Үкімет Яндекстегі ақаудан кейін отандық Qajet такси қызметін дамытпақ • Ақша айналымы 289,5 млрд теңгеге жетті: Ұлытау облысы құрылыс жұмыстары бойынша ел көлемінде алға шықты •

    Әлия Молдағұлованың туған күні: мерген қыздың ерлігі ұрпақ жадында

    Бүгін Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың туған күні. Оның өмірі мен ерлігі туралы толық ақпарат.

    Әлия Молдағұлованың туған күні: мерген қыздың ерлігі ұрпақ жадында

    Фото: astana-akshamy.kz

    1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылында дүниеге келген қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың бүгін туған күні. Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған батыр қыздың ерлігі мен аты ұрпақ жадында мәңгі сақталуда: оның құрметіне көше есімдері беріліп, ескерткіштер орнатылып, өлеңдер жазылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Әлия Молдағұлова 1925 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданының Бұлақ ауылында туған. Ата-анасы – Нұрмұхаммед Сарқұлов және Маржан Молдағұлова. Шын есімі Ілия болғанымен, майдандас достары оны «Лия» деп атаған. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған. 1935 жылдан бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46 балалар үйінде тәрбиеленген. Ленинградтағы №9 орта мектепте оқыды.

    Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті ілінген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы Снайперлер дайындау жөніндегі әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-әскер, 2-Балтық жағалауы фронты).

    Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

    Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі №891 орта мектебі, Шымкенттегі №29 орта мектебі, Новосокольники №72 орта мектебі, Оралдағы №38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде Ә. Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музей бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →