Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты •

    Мәйітпен жыныстық қатынасқа түсу: Алматыда сот күзетшіге үкім шығарды

    Мәйітпен жыныстық қатынасқа түсу: Алматыда сот күзетшіге үкім шығарды

    Фото: depositphotos.com

    Алматыдағы мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адамдардың денелерін қорлағаны үшін сотталды. Сот некрофилия ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ер адам бірнеше рет қайтыс болған адамдардың денелеріне қол жүгіртіп, интим жерлерін ұстағаны үшін айыпталған. Tengrinews.kz мәліметінше, ол бұл әрекеттерді видеоға түсірген.

    Сот талқылауы барысында ер адамның ақыл-есі дұрыс емес екені белгілі болды. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

    «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-бабына сәйкес Б.-ны ҚР ҚК-ның 314-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («Қайтыс болған адамдардың денелерін және олардың жерленген орындарын қорлау») бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босату және қылмыстық істі тоқтату. ҚР ҚК-ның 91-бабы 1-бөлігі 1-тармағына, 93-бабы 1-бөлігі 3-тармағына сәйкес айыпталушыға арнайы психиатриялық стационар жағдайында мәжбүрлі емдеу түріндегі медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану тағайындау», – делінген судья шешімінде.

    2024 жылғы сәуірде Алматыдағы мәйітханада некрофилия дерегі белгілі болды. Мәйітхананың күзетшісі ұсталды. Кейін жаңа мәліметтер анықталды: некрофилияға күдікті қызметкер ресми түрде жұмысқа алынбаған екен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →