Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты •

    Бөрісырғақ басталады: еліміздің 15 өңірінде қалың қар және бұрқасын болады

    Бөрісырғақ басталады: еліміздің 15 өңірінде қалың қар және бұрқасын болады

    Фото: pixy.org

    Бүгінен бастап елдің көп бөлігінде қыс қаһарына мінеді. Елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райы қалыптасады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қазақтар бұл уақытты «бөрісырғақ» деп атап, аса ұзақ жолға шықпаған, малды қорада, жайлы жерде ұстаған.

    «Қыс шілдесі» немесе «Бөрісырғақ» қарсаңында Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

    Ақтөбе облысында жаяу бұрқасын болып, тұман түседі.

    Атырау облысында да жаяу бұрқасын мен көктайғақ күтілуде.

    Қостанай облысында бұрқасын, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Павлодар облысында жаяу бұрқасын.

    Маңғыстау облысында көктайғақ. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Ақмола облысында бұрқасын, жел соғады.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында қар мол түседі. Күн тұманданып,  көктайғақпен қатар таулы аудандарында бұрқасын екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

    Абай облысында жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады, қарлы боран соғады.

    Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

    Қызылорда облысында тұман, көктайғақ болады.

    Ұлытау облысында бұрқасын мен тұман болады. Желдің екпіні — 15-20 м/с.

    Қарағанды облысында аяз түсіп, қар жауады, тұман, көктайғақ күтілуде. 15-20 м/с екпінді жел соғады.

    Солтүстік Қазақстан облысында да қар мен бұрқасын.

    Астанада кей уақыттарда жаяу бұрқасын. Күндіз жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

    Қаңтардың соңғы күндері қыс күшіне еніп, сақылдаған сары аяз болады. «Қыс шілдесі» мен қасқырлар жұптасатын «Бөрісырғақ» кезінде қолайсыз ауа райы бір аптадан асады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →