Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты

    Шымбұлаққа былтыр 1,5 млн шаңғышы келген — Олжас Бектенов

    Шымбұлаққа былтыр 1,5 млн шаңғышы келген — Олжас Бектенов

    Фото: Caravan.kz

    Елімізде қысқы демалыс орындары тапшы. Елдегі шаңғы трассалары туристерге толы. Үкімет басшысы елдің бірнеше облысынан тау шаңғы трассаларын ашуды тапсырды, деп хабарлайды Todayinfo.

    Олжас Бектенов спорттық инфрақұрылым нысандарын дәріптеу жұмысын жандандыра түсуді жүктеді.

    «Мысалы, былтыр Шымбұлақ бөктеріне келген шаңғышылардың саны 1,5 миллионнан асып кетті.
    Шаңғы теуіп, таза ауамен тыныстап қайтушылардың қатары оның тәуліктік қуатынан әлдеқайда көп болып отыр. Сондықтан курортты одан әрі дамытып, Алматымен қатар Алматы облысында, Шығыс Қазақстан өңірінде және басқа да аймақтарда жаңадан тау шаңғысы трассаларын жасау қажет», — деді Премьер-министр.

    Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктер инвесторларды тартып, спорт инфрақұрылымын салу үшін қолайлы жағдайлар жасауы керек.

    «Сонымен бірге барлық спорт объектілері қалың көпшілікке қолжетімді болып қалуға тиіс. Бұл спортпен шұғылданушылар санын ұлғайтып, осы объектілердің айналасында бизнестің дамуына жол ашады. Әкімдіктер мен кәсіпкерлер аталған бағытта белсенді жұмыс істеуі керек. Бұған қоса, көрсетілетін қызметтердің бағасы да келушілер үшін қолжетімді болуға тиіс. Тек сонда ғана халықты көптеп тартуға мүмкіндік туады», — деді Олжас Бектенов.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →