Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 25 қазан 2026 $ 452,4↑€ 506,9↑₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады • Федоров UCI Asia Tour рейтингінде бірінші орынға шықты • Айсұлу Сүлейменова Азия параойындарында 100 метрге жүгіруден континенттік рекорд орнатты • 18 жастағы астаналық айына 2 млн теңге тауып, оқуға түсуді кейінге қалдырды • Айдос Сұлтанғали күрестен әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • 97 жастағы онколог ұзақ өмірдің екі құпиясын атады • Қазақстанда әскери реформа басталды: Қорғаныс министрлігі егжей-тегжейін жариялады •

    Ақтөбеде әйел мен оның баласын өлтірген 23 жастағы жігіт болып шықты

    https://www.youtube.com/watch?v=T3h9P0CbLmE

    Ақтөбеде асқан айуандықпен өлтірілген әйел мен оның жасөспірім баласына қастандық жасаған қылмыскер 23 жастағы жігіт болып шықты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 

    ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен тергеушілер мен жедел қызметкерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті тұрғын үй-жайға кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, екі адамды өлтіріп, қарақшылық шабуыл жасады деп анықталып, ұсталды.

    «Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, ол жиналған дәлелдемелердің салмағымен қылмыс жасағанын мойындады. Күдікті қамауға алдынды. Тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша өзге де ақпарат таратылуға жатпайды», — делінген ІІМ хабарламасында.

    Айта кетсек, бұған дейін әйел адам мен баласын қатыгездікпен өлтірген күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

    Еске салайық, 29 наурызда Ақтөбе қаласындағы көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен әйел мен оның кәмелетке толмаған ұлының мәйіті табылған еді. Ал әйелдің 13 жастағы қызы Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімшесіне ауыр жарақатпен жеткізілген болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →