Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды • Тоқаев әскери реформаны мақұлдады: мерзімді қызмет екі кезеңге бөлінеді • Зейнет жасына жетпей-ақ зейнетақы алу мүмкіндігі түсіндірілді • Қазақстанда электромобиль міну тиімді ме: шығыны, қысқы жүріс қоры және кімге қолайлы • Жетісу облысында 15 гектар жерді шарпыған дала өрті сөндірілуде • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде әскери реформа жоспарын талқылады • ҚазҰУ оқытушысына сабақ үстінде жұмыстан босату туралы бұйрық тапсырылды •

    Ауыр атлетикадан бапкер болған Алексей Ни өмір бойына спорттан шеттетілді

    Ауыр атлетикадан бапкер болған Алексей Ни өмір бойына спорттан шеттетілді

    Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ниге ауыр атлеттерге қасақана допинг ішкізгені үшін ауыр жаза берілді, — деп хабарлайды Qazaq.today тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

    Бапкер өмірінің соңына дейін спорттан шеттетілді. Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) осындай шешім қабылдады.

    Бұрынғы бас бапкер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтарға допинг берді деген айып тағылды. ITA-ның соңғы шешімі осындай болды.

    Сол уақытта құрамада аға бапкер қызметін атқарған Алексей Нидің бауыры Виктор төрт жылға спорттан шеттетіледі.

    Еске салайық, Қазақстан допинг дауынан кейін 6 алтын медальден айырылған болатын. Жаза тағайындалған Ни болса, Қазақстан құрамасын 1994 пен 2016 жылдар аралығында жаттықтырды. Ол Рио Олимпиадасынан кейін жұмысынан босатылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →