Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты
Қазақстандық парадзюдошы Жұрқамырза Шүкірбеков Азия Пара ойындарының чемпионы атанды. Ол шешуші белдесуде ирандық қарсыласын жеңіп, ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info сайты.
Жұрқамырза Шүкірбеков парадзюдодан J2 санатында 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Финалда ол Иран спортшысы Мохаммад Реза Кхеироллахзаде Варзимен кездесіп, жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық спортшы Азия Пара ойындарының алтын жүлдегері атанды.
