Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды • Ақсудағы төрт үйдің тұрғындары 4 жылдан бері кәріз иісіне тұншығып отыр • Ретриттер әлемі: үнсіздік, қараңғылық және жабайы табиғат сынағы • Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады • 3 қарашада бірнеше облыста тұман, көктайғақ және өрт қаупі сақталады • Алексей Чуркин Нинбодағы әлем чемпионатында төртінші орын алды • 9-11 сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасы басталды •

    «Қайратпен жағаласпаған дұрыс»: Гүлзира Айдарбекова қыз ұзатып, оқырмандарының сынына қалды

    «Қайратпен жағаласпаған дұрыс»: Гүлзира Айдарбекова қыз ұзатып, оқырмандарының сынына қалды

    Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

    Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әулетіндегі қайынсіңлісін ұзатамын деп халықтан сөз естіді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Өнер иесі әулетіндегі тойды көрсетіп, қызды сыңсу айтып, шығарып салған еді.

    “Ерке қызымызды ұзату үшін арнайы көйлек тіктірдім. Оқырмандарыма ұнайды деп ойлаймын. Әр шаңырақта дүркіреген той болсын! Осыған дейін қайынбике, қайын ағаларымның біраз қызын өзім ұзаттым. Олар да “Өзің тұрғанда басқаның ұзатқаны дұрыс болмас” деген соң бас тарта алмадым. Бұл жолы өзіме өте жақын қайынсіңілімді ұзатуға лайықсың деп қолдау білдірген жандарға рақмет айтамын. Қызымыз өзім сияқты барған әулетінің батасын алып, үлкен әулетті отбасы болып, құдаларымыз 1000 жылдық болуын жазсын”, – деді продюсер.

    Желі қолданушыларының арасында “Қайратқа жолыңды бер, балаңмен жағаласпа” деген пікірге продюсер жауап берді.

    “Оның өз өмірі жеке әлемі бар ғой. Қайрат ұзатпайтын шығар. Сіз біздің әулетті басқара алмайсыз ғой. Өз әлеміңізде өз қалауыңызша жасай беріңіз”, – деп ашуланды Гүлзира Үсенқызы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →