Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады

    Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 ірі банкте қарыз алушылардың борыш жүктемесі коэффициентін есептеудің дұрыстығын тексеретін тұрақты қадағалау процесін бастады.

    Қаржы нарығын реттеу агенттігі 11 банкте қарыз жүктемесін тексеруді бастады

    Сурет: istockphoto

    Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі екінші деңгейдегі банктердің қарыз алушыларының борыш жүктемесі коэффициентін (БЖК) есептеудің дұрыстығын тексеретін тұрақты қадағалау процесін іске қосты. Бұл туралы turkystan.kz хабарлайды. Тексеру аясына 11 ірі банк кіреді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Агенттік дерегінше, жаңа қадағалау процесі азаматтардың борыш жүктемесінің теңгерімді деңгейін ұстап тұруға және жауапты кредиттеу практикасын нығайтуға бағытталған.

    «Жауапты кредиттеуді қамтамасыз ету және азаматтарды шамадан тыс борыш жүктемесінен қорғау Агенттік қызметінің басым бағыттарының бірі болып саналады. Бөлшек кредиттеудің өсуі жағдайында қарыз беру туралы шешім қабылдау кезеңінде банктердің қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін объективті бағалауы ерекше маңызға ие болады. Жаңа қадағалау процесінің басталуының алдында пилоттық жоба болды, оның шеңберінде Агенттік 8 банкте БЖК есебінің дұрыстығына талдау жүргізді. Пилоттық жобаның қорытындылары DSR-ді тұрақты қадағалау процесіне енгізу қажеттілігін растады», — делінген хабарламада.

    Тексеру қорытындысы бойынша Агенттік анықталған бұзушылықтардың сипаты мен маңыздылығын бағалайды және қадағалау шараларын қолдану, сондай-ақ банктердің түзету іс-шараларының жоспарларын бекіту қажеттілігін қарайды. Алынған нәтижелер БЖК есептеуге қойылатын нормативтік талаптарды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау кезінде пайдаланылады.

    Жалпы алғанда, БЖК қарыз алушының кредиттік міндеттемелер бойынша ай сайынғы төлемдерінің және оның орташа айлық табысының арақатынасын көрсетеді. Бұл халықтың борыш жүктемесін шектеудің негізгі реттеуші құралдарының бірі. Аталған көрсеткішті дұрыс есептеу қарыз алушының қолданыстағы міндеттемелерге де, жаңа қарызға да қызмет көрсету қабілетін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Қарыз алушылардың борыш жүктемесін жете бағаламау банктердің кредиттік тәуекелдерін және халықтың шамадан тыс кредит алуын ұлғайту тәуекелдерін арттырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →