Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 3 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алты адамның ажалы: Ақтөбе облысында екі Toyota Camry соқтығысты Көшпенділер ойындары: Көкпардан Қазақстан құрамасы Ресейді ойсырата жеңді Граната, автомат, мылтық: Қазақстанның 12 өңірінде ондаған қару-жарақ табылды Қазақстанда мемлекеттік мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгереді Ерлан Ақкенженов лауазымын сақтап қалды Қазақстан Президенті Лаоспен ықпалдастықты күшейтуге болатын бағыттарды атады Алты адамның ажалы: Ақтөбе облысында екі Toyota Camry соқтығысты Көшпенділер ойындары: Көкпардан Қазақстан құрамасы Ресейді ойсырата жеңді Граната, автомат, мылтық: Қазақстанның 12 өңірінде ондаған қару-жарақ табылды Қазақстанда мемлекеттік мектеп директорларын тағайындау тәртібі өзгереді Ерлан Ақкенженов лауазымын сақтап қалды Қазақстан Президенті Лаоспен ықпалдастықты күшейтуге болатын бағыттарды атады

    Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан алты шетелдік қаза тапты

    Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан алты шетелдік қаза тапты

    Маңғыстау облысы полиция департаментінің деректері бойынша қайғылы оқиға сағат 07:30-да болған. Бейнеу-Тәжен тасжолында Jac автокөлігі MAN маркалы жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

    «Көлікте 10 адам болған. Алтауы оқыиға орнында қаза тапқан, зардап шеккен төрт жолаушы  Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде. Қажет емді алып жатыр», — деді полиция.

    Жол апатына қатысы бар көліктер Өзбекстанда тіркелгені белгілі болды. Жәбірленушілер мен қаза тапқандар — Ресейден келе жатқан Өзбекстан азаматтары.

    Аталған дерекке қатысты соталды тергеу басталды.

    «Болған жайт туралы Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына хабарланды», — деді ведомство өкілі.

    Фото: gov.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →