Ташкентте уланған қарағандылық балалар Қазақстанға аман оралды
Ташкенттегі Dostlik Cup 2026 турнирінде уланған Қарағанды облысының жас футболшылары ем қабылдап, Қазақстанға толығымен оралды. Елшілік медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады.
Сурет: madeniportal.kz
Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен халықаралық футбол турнирі кезінде уланып, ауруханаға түскен Қарағанды облысының балалары толығымен Қазақстанға оралды. Жас спортшылар қажетті ем қабылдап, медициналық мекемелерден шығарылған. Бұл туралы Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қарағанды облысынан барған балалар Ташкентте ұйымдастырылған Dostlik Cup 2026 халықаралық футбол турниріне қатысқан. Алайда жарыс барысында бірқатар жас спортшының денсаулығы нашарлап, олар ауруханаға жеткізілген.
Елшіліктің мәліметінше, балаларға екі елдің денсаулық сақтау министрліктері бірлесіп медициналық көмек көрсеткен. Дәрігерлер қажетті ем жүргізіп, олардың елге оралуына жағдай жасаған.
Оқиға тіркелген алғашқы күндерден бастап елшілік қызметкерлері зардап шеккен балалардың ата-аналарымен тұрақты байланыста болып, Өзбекстанның медициналық мекемелерімен және жауапты органдарымен бірлесіп жұмыс істеген.
Балалардың ата-аналары Қазақстан елшілігіне, Ташкент қаласының әкімдігіне, жергілікті денсаулық сақтау басқармасына және дәрігерлерге алғыс білдірген. Елшілік те жас футболшыларды емдеген Ташкенттегі №5 қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлеріне ризашылығын жеткізген.
Бұған дейін жас футболшылардың жаппай улануына байланысты Өзбекстанда санитариялық талаптардың сақталмауы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.
