Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр

    Танымал режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатқанын айтып, ауруханадан суретін жариялады. Ол жақын арада «Қан мен серт» фильмінің түсіріліміне оралмақ.

    Режиссер Ақан Сатаев Атыраудағы кардиология орталығында емделіп жатыр

    Фото: әлеуметтік желіден

    Қазақстандық танымал кинорежиссер Ақан Сатаев денсаулығына байланысты ауруханаға түскенін хабарлады. Ол Атырау қаласындағы кардиология орталығында жатқанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында ауруханадан түскен суретін жариялады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Режиссер жақын арада түсірілімге қайта оралуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Өз жазбасында ол ауруханаға не себепті түскенін кейінірек түсіндіретінін атап өтті.

    «Қазір мен Атырау қаласындағы кардиология орталығында жатырмын. Себебін кейінірек айтармын. Ең бастысы – жақын арада бұл орталықтан шығып, “Қан мен серт” фильміміздің түсірілім алаңына қайта ораламын. Аллаға шүкір!» – деп жазды ол.

    Сатаев өзіне көмек көрсеткен медицина мамандарына да ризашылығын білдірді.

    «Осы тамаша кардиология орталығының барлық дәрігерлеріне, қызметкерлеріне және басшылығына жоғары кәсібиліктеріңіз бен науқастарға деген ерекше қамқорлықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді», – деді режиссер.

    Жазба астында оқырмандары мен әріптестері оған сауығып кетуін тілеп жатыр. «Тезірек сауығып кетіңіз», «Аман болыңыз», «Денсаулық тілеймін», «Бір Аллаға аманат», – деп жазды олар.

    Ақан Сатаев – қазақстандық белгілі кинорежиссер, продюсер және актер. Ол 1971 жылы 23 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қазақ киноиндустриясының дамуына елеулі үлес қосқан өнер қайраткерлерінің бірі.

    Ақан Сатаев «Рэкетир», «Ағайынды», «Жаужүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Томирис» және «Бизнесмены» сияқты танымал фильмдер мен тележобалардың режиссері ретінде белгілі.

    1994 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және теледидар факультетін тәмамдаған. 2003 жылы Sataifilm кинокомпаниясын құрды. 2020–2022 жылдары «Қазақфильм» киностудиясының президенті қызметін атқарды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →