«Себебін кейінірек айтамын»: Режиссер Ақан Сатаев ауруханаға түсті
Танымал режиссер Ақан Сатаев денсаулығы сыр беріп, Атырау қаласындағы кардиологиялық орталыққа жатқызылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Режиссер Instagram парақшасында ауруханаға түсуіне не себеп болғанын әзірге ашып айтпады.
«Қазір мен Атырау қаласындағы кардиология орталығында жатырмын. Себебін кейінірек айтармын. Ең бастысы – жақын арада бұл орталықтан шығып, “Қан мен серт” фильміміздің түсірілім алаңына қайта ораламын. Аллаға шүкір!» – деп жазды Ақан Сатаев.
Сонымен қатар режиссер өзіне медициналық көмек көрсетіп жатқан дәрігерлер мен орталық қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Ал жазба астында оқырмандары мен өнердегі әріптестері режиссерге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірген.
