Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді •

    Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады

    Қандас мәртебесін қалай алуға болады, 2026 жылғы өңірлік квота, көшуге және баспана жалдауға берілетін қаржылай көмек мөлшері туралы толық ақпарат.

    Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады

    Фото: gov.kz

    Қазақстанға тарихи отанына оралғысы келетін этникалық қазақтар қандас мәртебесін алып, мемлекеттен көшуге және баспана жалдауға қаржылай көмек ала алады. Бұл үшін алдымен қоныстанатын өңірді таңдап, қазақ тілінен тест тапсырып, арнайы іріктеуден өту қажет.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Қандас мәртебесін алудың тәртібі бірнеше кезеңнен тұрады. Ең алдымен, Қазақстанға көшіп келгісі келетін азамат қоныстанатын өңірді таңдауы керек. 2026 жылы қандастарды қабылдауға арналған өңірлік квота Павлодар, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына бөлінген.

    Келесі кезеңде талапкер қазақ тілінен тест тапсырады. Тестілеу testcenter.kz сайтында өткізіледі. 60 сұрақтан тұратын сынақта тыңдалым және оқылым бөлімдерінің әрқайсысынан кемінде 70% жинау қажет.

    Одан кейін үміткер арнайы сауалнама толтырады. Онда білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби дағдылары, тіл білу деңгейі, денсаулығы және отбасы құрамы туралы ақпарат көрсетіледі. Осы мәліметтер негізінде оның Қазақстанға қоныстану әлеуеті бағаланады.

    Бұдан соң өтініш берушінің деректерін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі тексереді. Тексеруден өткен азамат әңгімелесуге шақырылады. Барлық кезеңнің нәтижесі бойынша шешім қабылданады.

    Іріктеуден сәтті өткен адам қандас мәртебесін алу үшін өтініш бере алады. Құжаттарды рәсімдеу және көші-қон қызметтері бойынша ақпаратты migration.enbek.kz порталынан алуға болады.

    2026 жылы қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 8 278 адам болып белгіленген. Оның ішінде қандастарға арналған орындар сегіз облысқа бөлінген:

    • Павлодар облысы – 977 адам;
    • Ақмола облысы – 285 адам;
    • Абай облысы – 264 адам;
    • Шығыс Қазақстан облысы – 200 адам;
    • Солтүстік Қазақстан облысы – 200 адам;
    • Қостанай облысы – 200 адам;
    • Атырау облысы – 125 адам;
    • Батыс Қазақстан облысы – 30 адам.

    Өңірлік квотаға енген қандастарға бірнеше түрлі көмек көрсетіледі. Біріншіден, көшіп келу шығынын өтеу үшін отбасының әр мүшесіне бір рет 302 750 теңгеден төленеді. Екіншіден, баспана жалдау және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге ай сайын 64 875 теңгеден 129 750 теңгеге дейін субсидия беріледі. Оның мөлшері отбасы мүшелерінің саны мен қоныстанған жеріне байланысты. Бұл көмек 12 айға дейін төленеді. Үшіншіден, қандастарды жұмысқа орналастырып, көшуіне көмектескен жұмыс берушілерге 1 730 000 теңге көлемінде субсидия қарастырылған.

    Бұдан бөлек, мемлекет қандастарға қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтуге, жұмыс табуға немесе жеке кәсібін ашуға көмектеседі. Сондай-ақ баспана сатып алуға арналған экономикалық мобильділік сертификатын алуға болады. Алайда аталған қаржылай қолдау шаралары Қазақстанға көшіп келген барлық адамға автоматты түрде берілмейді. Ол үшін қандас өңірлік квотаға енгізілуі керек.

    Айта кетейік, бұған дейін қандастарға қазақ тілінен тестті бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік берілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →